Бүгіннен бастап камералар көлікте белдік тақпаған және телефон ұстаған жүргізушілерді түсіріп алады – оның айыппұлы неше теңге
Бұрын бұлай ереже бұзғандарды тек жол полициясы ғана тіркей алатын
Бүгіннен бастап Қазақстандағы Әкімшілік кодекстің 31-бабына енген өзгерістер күшіне енеді. Сол өзгеріске сай, енді көліктің жылдамдығы мен басқа да фактілерді тіркейтін камералар рульде белдік тақпай отырған және телефон ұстап отырған жүргізушілерді автоматты түрде тіркеп алады және сол хаттамаларға сай, айыппұл салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімшілік кодекске сай, рульде көліктің белдігін тақпаған жүргізушілерге бірінші 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге тең, сонда бұл айыппұл өлемі 21 625 теңгеге тең болады.
Рульде телефонмен сөйлескен азаматтар үшін де дәл осындай әкімшілік жаза көзделген. Бірінші ереже бұзған азаматтарға 21 625 теңге айыппұл салынады.
Ал бұл ережелерді қайтадан бұзған жүргізушілерге 10 АЕК, яғни, 39 320 мың теңге айыппұл салынады.