Бұған дейін 2021 жылы қар түскен
Әлемдегі ең ірі Сахара шөлінің құм шағылдары ақ ұлпа қарға оранды. Алжирдің Айн-Сефра қаласында ауа температурасы нөлден төмен түсіп, сирек кездесетін табиғи құбылыс тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі thesun-ға сілтеме жасап.
Атлас тауларының етегінде орналасқан, халық арасында «Шөл қақпасы» деп аталатын Айн-Сефра қаласында қар жауып, жергілікті тұрғындар мен туристерді таңғалдырды. Қаланың атауы сөзбе-сөз аударғанда «Сары көктем» деген мағынаны береді. Соңғы 40 жыл ішінде Сахараның бұл аймағында қар осымен жетінші рет жауып отыр. Бұған дейін 1979, 2016 және 2021 жылдары қар түскен.
Биылғы экстремалды ауа райы кезінде термометр бағанасы -3°C дейін төмендеген. Тұрғындар ерекше сәтті тамашалауға шықты, алайда қар көп ұзамай етіп кетті. Айта кетерлігі, жаз мезгілінде бұл өңірде ауа райы 50°C-тан асады.
Соңғы уақытта тек Алжир ғана емес, Таяу Шығыстың өзге де елдерінде аномальді ауа райы байқалып отыр. Мәселен, Ливан, Сирия және Иранның кейбір аймақтарында қардың қалыңдығы 1,2 метрге дейін жеткен. Ал Сауд Арабиясының шөлді аймақтарында тұрғындар шана теуіп, аққала жасап үлгерді.