13.03.2026, 12:25
Оқиғалар
Ерейментауда жүк пойызы 11 жылқыны басып кеткен – полиция малшыны жазалады
Осы апаттың кесірінен пойыз жолынан 23 минутқа кешіккен
Фото: Көліктегі полиция департаменті
Бірнеше күн бұрын, 11 наурыз күні таңертең Ақмола облысындағы «Ерейментау-Алтынтау» бағытымен келе жатқан жүк пойызының машинисі теміржолға шығып кеткен 11 жылқыны басып кеткен. Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, малдардың бәрі қырылып қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жеткен полиция малдарды қараусыз айдап жіберген 35 жастағы бақташыны тауып, оған айыппұл салған.
Жалпы, көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Қазақстанның әр аймағында 61 адам мен 167 жануар теміржолдарға шығып кетіп, 234 факт тіркелген.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды