13.03.2026, 13:33
Оқиғалар
Күшті жел Екібастұздағы балабақшаның шатырын жұлып әкеткен
Абырой болғанда, балалар аман
Фото: скриншот
Екібастұз қаласындағы қатты жел №1 балабақшаның шатырын жұлып әкеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Irbistv.kz сілтеме жасай отырып.
Қазір қалалық пабликтерде балабақшаның видеосы таралып жатыр. Көрініп тұрғандай, жел балабақшаның үлкен шатырын ұшырып әкеткен. Оқиғадан кейін балабақша қызметкерлері бірден балаларды қауіпсіз жерге апарып, қауіпсіздік шараларын қабылдаған.
«Зардап шеккендер жоқ. Тиісті органдар қауіпті жерді қоршап, балаларды қауіпсіз жерге көшірген. Балабақша әкімшілігі шатырды бірден жөндеуге кіріседі», - деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды