Елордада қолына пышақ ұстап, көше кезген ер адам ұсталды
Оның ешкімге шабуыл жасамағаны анықталды
Желіде тараған видеода Республика мен Достық көшелерінің қиылысында денесін жалаңаштаған ер адам суық қару ұстап, біреуді іздегендей әрекет жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кейін ол жолдың қақ ортасына қойған көлігіне отырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің кім екенін анықтады.
«Құқық бұзушы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау камерасына қамалды. Қазіргі таңда оның мұндай әрекетке баруының себеп-салдары тексеріліп жатыр», — деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Аталған факті бойынша «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар түпкілікті шешім шығару үшін сотқа жолданды. Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.