13.03.2026, 09:48
Оқиғалар
Қарағандыда темір бағанға соғылған «Кобальттың» түгі қалмаған – апаттың қорқынышты видеосы тарады
Рульде 26 жастағы жігіт болған
Фото: скриншот
Қарағанды қаласының айналма жолында темір бағанға соғылған «Шевроле Кобальт» маркалы көлік «екі бүктеліп» қалған. Полиция апатқа қатысты комментарий берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде жол апатының видеосы таралған. Видеода көрініп тұрғандай, көлік темір бағанға соғылып, жүргізуші отырған жағы түгел қираған. Полицияның мәліметінше, 26 жастағы жігіт ауруханаға түскен.
«12 наурыз күні түскі сағат 11:20 шамасында Қарағанды қаласының Шығыс айналма жолында «Шевроле Кобальт» маркалы көлік темір бағанға соғылды. Рульде 26 жастағы жүргізуші болған. Ол ауруханаға түсті», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.
Полиция қазір осы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Көп оқылған
27.07.2026, 14:47
Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өтірді
27.07.2026, 13:12
Емханаларда жаңа тәртіп: кейбір дәрігерлерге жолдамасыз қаралуға болады
27.07.2026, 16:06
36 дропперлік топ 113 млрд теңгені өткізген: ҚМА басшысы Тоқаевқа сұмдық жағдайлар туралы есеп берді
27.07.2026, 11:55
«Төрт ай төсекке таңылып жаттым»: Алла Пугачева ауыр жарақаты туралы алғаш рет ашық айтты