$ 491.68  568.23  6.2
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейдегі прокуратура кабинетінің терезесіндегі бөтелкелер: қызметкерлер қалай жазаланды

Бас прокуратурада екі кінәлі тұлға анықталып, оларға жаза қолданылғанын айтты

Семейдегі прокуратура кабинетінің терезесіндегі бөтелкелер: қызметкерлер қалай жазаланды
Фото: видеодан скрин

Абай облысы прокуратурасының қызметкерлеріне жұмыс орнында алкоголь бөтелкелері тұрғаны үшін сөгіс жарияланды. Шыны ыдыстар терезе алдына қойылған, ал қырағы азаматтар оны видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Осы кадрлар кейін ауқымды тексеріске себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қызметкерлер бөтелкелерді не үшін терезеге қойғаны нақты белгісіз. Онда расымен алкоголь болған-болмағаны да анық емес. Әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылды: кейбірі прокурорлар да қарапайым адамдар, оларға да тұрмыстық жағдайлар жат емес, мүмкін алкогольді жай ғана салқындатқан шығар десті.

Ал енді бірі мұндай көрініс қадағалау органының қызметкерлеріне мүлде жараспайтынын айтып, сынға алды.

Бас прокуратурада екі кінәлі анықталып, оларға тәртіптік жаза қолданылғанын мәлімдеді. Оқиғадан кейін ғимараттағы өткізу тәртібі күшейтіліп, жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар «ішімдікке әуес» қызметкерлердің нақты лауазымдары аталмады — бұл ақпарат қызметтік сипатта болып, жария етуге жатпайды.

«Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін маман және оның тікелей басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды. Жұмыс орнында алкогольдік ішімдік ішу фактісі расталған жоқ», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.