Боран мен көріну деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты 12 наурыз күні Қазақстанның бірқатар өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» сілтеме жасап.
Павлодар облысы
- 12 наурызда сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолының 0–152 шақырым аралығында, яғни Павлодардан Ресей шекарасына дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Қозғалысты ашудың болжамды уақыты – 13 наурыз сағат 8:00.
Жетісу облысы
- 12 наурызда сағат 20:20-да ауа райының нашарлауына байланысты Үшарал – Достық автожолының 84–164 шақырым аралығында, Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Қозғалысты ашудың болжамды уақыты – 13 наурыз сағат 8:00.
- 12 наурызда сағат 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысы:
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 89–234 шақырым аралығында, Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін.
Қостанай облысы:
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 234–455 шақырым аралығында, Ақтөбе облысының шекарасынан Тобыл кентіне дейін.
Жолдардың ашылуының болжамды уақыты — 13 наурыз сағат 9:00.