$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде теміржолдан өткен көлік пен локомотив соқтығысты: жүргізуші мен жолаушы аман қалды

Көлікте тағы қыз бала болған 

Семейде теміржолдан өткен көлік пен локомотив соқтығысты: жүргізуші мен жолаушы аман қалды
Фото: скрин

Семейде 24 жастағы жүргізуші теміржолдан өтпек болып, локомотивпен соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөлік жүргізушісі Қаржаубайұлы көшесімен келе жатып, теміржол өткелінен өтер кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, локомотивпен соқтығысқан. Локомотив автокөлікті біраз қашықтыққа дейін итеріп әкеткен.

Көліктің ішінде 19 жастағы жолаушы қыз болған. Ол медициналық мекемеде тексеруден өтті, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Аталған факті бойынша жүргізуші теміржол өткелінен өту ережелерін бұзып, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ереже бұзған Mercedes жүргізушісі 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.