06.03.2026, 14:28
Оқиғалар
Шымкентте заңсыз жұмыс істеген 20 шетелдік ұсталды
Заң аясында тиісті шаралар қабылданды
Фото: t.me/otyrarkz
Шымкент қалалық Полиция департаменті кәсіпкерлік нысандардың бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген 20 шетел азаматы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция заңсыз көші-қонға қарсы тұру, оның арналарын бөгеу және адам саудасы фактілерінің алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізген.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша материалдар жинақталып, әкімшілік сотқа жолданды. Бұдан бөлек, нысан басшысы заңсыз еңбек мигранттарын пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, іс-шара барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағына келу, кету және тұру ережелерін бұзудың 100-ден астам фактісі анықталды. Әрбір жағдай бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды