«Келін боласың деп өсірмеймін»: Қайрат Нұртастың әйелі қызын қалай тәрбиелейтінін айтты

Автор: Темірхан Айжан

Желідегілер оны қолдап жатыр 

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жиі сынға ұшырайтын қызына араша түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер иесі парақшасында қызы Алаумен бірге түскен фотосессиядан суреттер жариялап, жазба қалдырған.

«Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол – менің жалғасым. Мен қызымды өзге үйге «келін боласың» деп өсірмеймін. Өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес, қолдау бар», – деп жазды актриса.

Айта кетейік, белгілі әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың өнерге жақын қызы Алауға әлеуметтік желіде жиі жағымсыз пікірлер жазылады. Бұған дейін Алау да ересектердің әрекетіне ренжіп, видеоүндеу жариялаған болатын.