04.03.2026, 14:37
Оқиғалар
Орал полициясы әртүрлі уақытта жоғалып кеткен үш азаматты бір күнде тапты (ВИДЕО)
Олардың біреуі бала болса, екеуі ересек адам
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бір тәулік ішінде жоғалып кеткен үш адамды тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, құқық қорғау органдарына 12 жастағы баланың ата-анасы арызданған. Оны іздеу үшін полиция департаментінің бүкіл құрамы атсалысқан. Іздеу кезінде бала қаладағы сауда-орталықтарының бірінен табылған.
Бұдан өзге, полиция алты айдан бері үйіне оралмаған 33 жастағы әйелді іздеп тапқан. Полиция оның қайда жүргенін анықтап, туыстарымен қауыштырған.
«Ал, бұдан өзге, 32 жастағы азамат 2 наурызда үйінен шығып кетіп, үйіне оралмаған. Полиция көшедегі камералардың арқасында оны қараусыз қалған ғимараттың ішінен тапқан», - деп хабарлайды полиция.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды