Полиция қазір фейк ақпарат таратқан адамдарды іздеп жатыр
Ақмола облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде таралап жатқан фейк ақпарат туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі фейк мәтінінде «бұл ескертуді Ақмола облысының полиция департаменті» таратқандай жазылған. Яғни, мәтін түріндегі жалған ақпаратта «Сирия мен Ауғанстаннан келген мигранттар балаларды ұрлап әкетеді. Лифтіге бөтен адамдармен бірге кірмеңіздер. Есіктеріңізді құлыптап жүріңіздер. Олар қаруланған болуы мүмкін», - деп жазылған жалған ақпарат мәтінінде.
Осыған байланысты Ақмола облысының полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, жалған ақпарат таратудың салдары ауыр болатынын ескертті.
«Ақмола облысының Полиция департаменті мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы «ескерту» жалған ақпарат екенін хабарлайды. Полиция департаменті мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», - деп хабарланған ресми ақпаратта.