$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сот мигранттарды елден шығарып жатыр»: Астана полициясы бес күнде 555 заң бұзу фактісін анықтаған (ВИДЕО)

Елордада «Мигрант» алдын алу шарасы өткен

«Сот мигранттарды елден шығарып жатыр»: Астана полициясы бес күнде 555 заң бұзу фактісін анықтаған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Ақпан айының соңында, дәлірек айтсақ, 23–27 ақпан аралығында Астанада «Мигрант» жедел-профилактикалық акциясы өткен. Қалалық полиция департаменті 5 күнде 555 заңсыздық тіркегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция науқан аясында пәтер, қонақ үй, жатақхана, құрылыс нысандарын, базар, демалыс орындары мен вокзал маңы аумағын тексерген.

«Осы тексерістердің аясында 5 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 555 факт анықталды. Атап айтқанда, көші-қон заңнамасын бұзған 442 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды, ал оларды қабылдап, тіркеу саласындағы заңнаманы бұзған Қазақстанның 78 азаматы анықталды. Көші-қон заңнамасын бұзған 35 жұмыс берушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ал, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты 67 шетел азаматын ел аумағынан шығарды, Сонымен қатар, сот шешімін орындамаған, бұған дейін елден шығуы тиіс болған 13 шетел азаматы анықталып, мәжбүрлі түрде экстрадацияланды», - деп хабарлайды полиция департаменті.