$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ТЖМ тікұшағы Жезқазғаннан Жайремге науқасты шұғыл жеткізді (ВИДЕО)

«Қазавиақұтқару» экипажы санитарлық рейсті сәтті орындады

ТЖМ тікұшағы Жезқазғаннан Жайремге науқасты шұғыл жеткізді (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі-не қарасты Қазавиақұтқару тікұшағы Жезқазған – Жайрем – Жезқазған бағыты бойынша санитарлық рейс орындап, 1957 жылы туған науқасты шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дер кезінде жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше ТЖМ авиациясы кезекті санитарлық тапсырманы жүзеге асырды. Арнайы рейс арқылы 1957 жылы туған науқас санитарлық авиация желісімен шұғыл түрде тасымалданды. Оған жедел медициналық көмек көрсетіліп, әрі қарай мамандандырылған тексеруден өткізу көзделген.

Ұшу барысында әуе кемесінің бортында медицина қызметкерлері болып, науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Құтқарушылар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде тасымалдау сәтті өтті. Науқас тиісті медициналық мекемеге уақытылы жеткізіліп, әрі қарай ем қабылдау үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Мақалада

#Жезқазған #ТЖМ