Төтенше жағдайлар министрі 7 адам қаза тапқан жарылыс орнын аралап көрді (ФОТО)

Автор: Бақыт Шынар

Апаттан 7 адам тіл тартпай мерт болған еді

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Бурабай ауданына барып, Щучье қаласындағы оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ-нның баспасөз қызметі хабарлағандай, комиссияға министрдің өзі басшысы төрағалық етеді. Оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Әділет, Сауда және интеграция министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері кірді.

«Комиссия оқиғаның себептерін жан-жақты, толық және объективті тергеп, осындай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін қажетті алдын алу шараларын әзірлеуі тиіс», - деп хабарлайды ТЖМ.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапқан. Зардап шеккендер саны 28 адамға жетті, соның ішінде 13-і ауруханаға жатқызылса, 8-і медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілген. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында, деп атап өтті ТЖМ.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер дәмханадан тағы 10 адамды құтқарған.

Бұған қоса, жанып жатқан дәмханадан әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны мен 2 оттегі баллонын алып шыққан.