Бурабай әкімдігі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге көмек беретін болды

Автор: Бақыт Шынар

Ал, зардап шеккендердің отбасылары 1 млн теңгеден алады

Фото: ТЖМ

Бүгін түнде Шучье қаласында болған алапат жарылыстан қаза тапқандардың отбасылары 2 млн теңгеден бір реттік көмек алады. Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов мәлім етке, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, жарылысқа байланысты жедел штаб құрылған. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша дәмханадағы жарылыстан 7 адам қаща тауып, 28 адам жараланған.

«Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі», - деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек, марқұмдарды жерлеуге кететін барлық шығынды да әкімдік өз мойнына алады. Қазаға көңіл айтуға келген адамдардың туыстары мен жақындарына жатын орынды да әкімдік береді.