$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2020, 00:17
Оқиғалар

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Ол қорғансыз қарттарды тонамақ болған

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Алматы полицейлері екі бірдей адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады. 1986 жылғы ер адам екі жыл бұрын түрмеден босап шыққан деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылған. Олардан бірнеше күн хабар болмағандықтан, туыстары қарияларды өздері іздеп келіпті.

«Олар 1932 және 1940 жылғы азаматтар. Күдікті пәтердің есігін сындырып кірген. Сөйтіп қарияларды бірнеше рет пышақтаған. Осы аса ауыр қылмысты ашу үшін жедел тергеу тобы құрылып, күдіктіні екінші күні ұстады. Ол 1986 жылғы тұрғын, осыдан екі жыл бұрын түрмеден босатылған», - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Күдікті зейнеткерлерді қасақана өлтіру үшін емес, үйді тонау үшін келгенін айтты. Алайда, қариялар қарсылық көрсеткеннен кейін сөзге келмей пышақтап тастаған. Қазір күдікті қамауда. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары