$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ақшаңның үстіне ақша қосып беремін»: Астана тұрғыны 20 адамды сан соқтырған

Оған бір тұрғынның өзі 2 млн теңгесін берген

«Ақшаңның үстіне ақша қосып беремін»: Астана тұрғыны 20 адамды сан соқтырған
Фото: © freepik.com / daniel-007

Астанада 20 адамды сан соқтырған алаяқ қолға түсті. Ол адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын инвестициялауға көндірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері қолға түсірген 30 жастағы азаматтан бас-аяғы 20 адам зардап шеккен.

«Алаяқ көп жағдайда адамдардың сеніміне кіріп, инвестицияға ақша салуға көндірген. Әуел баста ақша алған азаматтар ештемеден күдіктенбесін деп оларға азын-аулақ ақшаны кіріс ретінде беріп отырған. Бірақ, олардан алған ақшаны мүлде инвестицияламай, өз қажетіне жаратып отырған», - деп хабарлайды Астана полициясы.

Қазір Астананың полиция департаменті күдіктіге қатысты қылмыстық іс ашып, тергеуді  жалғастырып жатыр. Егер осы азаматтан зардап шеккен өзге де адамдар бар болса, 102 нөміріне хабарласа алады.

Мақалада

#Астана #алаяқтық