Енді ер адамның ісі сталкинг бабы бойынша тергеледі
Ақмола облысы Сандықтау ауданында 38 жастағы әйел бұрынғы күйеуінен сталкинг көрген. Ер адам экс-әйелі тұратын үйдің жанынан үй сатып алып, оны күнде кешке аңдып отырған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әйел адам 18 ақпан күні полицияға арызданған.
«Әйелдің айтуынша, олар 2025 жылдың мамырында ресми түрде ажырасқан. Бірақ, экс-күйеуі бұл шешімге көнгісі келмей, келіншекке бір жыл уақыт бойы маза бермеген. Оған бейәдеп сөздер жазып, баланы да алып аламын деп қорқытқан. Оның үстіне, ол бұрынғы әйелі тұратын үйдің жанынан үй сатып алып, оны күнде кешке аңдып отырған», - деп хабарлайды полиция.
Қазір ер адамның үстінен сталкинг бабы бойынша іс қозғалған.