«Арасында балалар көп»: Астанадағы көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 74 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олардың арасында отызға таяу бала бар

Фото: ТЖМ

Бүгін, 19 ақпан күні таңғы сағат 04:43-те Астана қаласының Айнакөл көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 74 адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт паркингтегі 15 шаршы метр жерден басталған.

«Айнакөл көшесінде 13 қабатты тұрғын үйдегі паркингтің қосалқы үй-жайында өрт шықты. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел түрде келді. Түтін тараған аймақтан 74 бала, соның ішінде, 26 бала эвакуацияланды», - деп хабарлайды ТЖМ.