Ол есірткі қылмысы үшін сотталған болатын
Қостанайдағы №38 түзету мекемесінде сотталған бір адам өз өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты агенттік тілшісіне Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«Марқұм есірткі қылмысы үшін сотталған болатын. Оның суицид жасаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған», - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Адам өліміне қатысты тергеу басталған.