$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада «Астана Тазалықтың» атын жамылған адамдар қайыр тілеп жүр

Бұл туралы желіде қызу талқы болып жатыр 

Елордада «Астана Тазалықтың» атын жамылған адамдар қайыр тілеп жүр
Фото: threads/t___squared2

Астанада тазалық қызметкерінің формасын пайдаланып, қайыр тілеп жүргендер пайда болды. Желі қолданушылары оларға ақша аударғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жасыл квартал» тұрғын үй кешені орналасқан ауданда коммуналдық қызмет формасына ұқсас жилет киген, қолдарына күрек ұстаған екі әйел жүр. Олар өздерін «Астана Тазалық» қызметкерлері ретінде таныстырып, көшеде кетіп бара жатқан адамдардан тамаққа ақша сұрайды. Мен де аяп кетіп, нөміріне ақша аудардым. Біраз уақыттан кейін оларды All Off Burger мейрамханасынан көрдім. Мәз болып тамақ ішіп отырды. Олар ешқайда асыққан жоқ. Тамақты да оларға басқа адамдар алып берген. Сол уақыт аралығында олардың жұмыс істеп жүргенін көрмедім, тек ақша жинап жүр. Алаяқтарға ақша бермеңіздер», - деп жазды желі қолданушысы.

Автордың жазбасын көп адам қолдап, олар да дәл осылай белгісіз тазалық қызметкерлеріне ақша жібергендерін жазып жатыр.

«Осындай адамдарды жазда көрген едім. Олар осылай полициядан жасырынып жүр», «Менен де осындай киім киген екі шетелдік ер адам тамаққа ақша сұраған, мен бердім. Кейін көргенімде олар әлі сол жерде жүрді, мені көрмегендей түр танытты. Схема өте ұқсас екен», - деп жазған олар.

Жазбаға қатысты «Астана Тазалық» мекемесі жауап беріп, өз қызметкерлерінің формасын көрсетті.

«Қаланың тазалығымен тек «Астана Тазалық» кәсіпорны ғана айналыспайды. Біздің қаламызда тәртіпті сақтауға басқа жеке ұйымдар да үлес қосады. «Астана Тазалық» қызметкерлерінің арнайы жұмыс формасы жасыл және қара түсті болады. Көріп отырғаныңыздай, бұл адамдардың формасы басқа үлгідегі. Яғни, олар біздің кәсіпорынға қатысы жоқ», - делінген кәсіпорынның хабарламасында.