Қалалық ТЖД 13-16 ақпан аралығында тауға шықпаған дұрыс дейді
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті алдағы 3-4 күн ішінде қар көшкіні жүру қауіпі бар екенін хабарлап, халыққа ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, бүгін, 13 ақпан мен 16 ақпан аралығында Алматыда көп қар жауады. Сондықтан, Кіші Алматы мен Үлкен Алматы тауларында қар көшкіні жүруі ықтимал.
«Құтқарушылар халыққа тауға шықпай-ақ, сақтық шараларын күшейтуге шақырады», - деп хабарлайды ТЖД.