Жамбыл облысында ауа райы бұзылды: жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қаза тапқан адам жеңіл көлікте келе жатқан

Фото: скриншот

Бүгін Жамбыл облысында қалың қар жауып, ауа райы бұзылған. Полиция жолдарды жауып, қауіпсіздік шараларын күшейтсе де адам өліміне әкеп соқтырған жол апаттары тіркеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Жамбыл облысының полиция деепартаменті хабарлағандай, жол апаты «Аса-Ақкөл» тас жолында болған.  Van Hool жолаушылар автобусын басқарып келе жатқан жүргізуші рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікпен соғылып қалған.

Жеңіл көліктегі бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккен басқа адамдар жоқ.