Жоғары қауіп дәрежесіне жатқызылған субъектілер мен объектілер жыл сайын тексерілетін болады
Бұрын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізу үшін 30 күн ішінде хабарлама жіберілетін, қазір ол бір тәулікке дейін қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген қағидалар негізінде жүргізіледі. Жоспарлы тексерулер нәтижесінде құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңмен реттелетін жаңа механизм енгізілді. Жоғары қауіп дәрежесіне жатқызылған субъектілер мен объектілер жыл сайын тексерілетін болады, олардың кейбірі үш жылда бір тексеріледі. Оларға қауіпті өндірістік объектілер мен зауыттық техникалық құралдардың нормативтік қызмет ету мерзімі өткен нысандары кіредіә, - деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Орталық коммуникациялар алаңында.
Оның сөзінше, кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар күшейтілген, соның ішінде мүліктің меншік иесінде болу нормалары бекітілді. Бұдан бөлек, «Азаматтық қорғау туралы» заңнан өнеркәсіптік қауіпсіздік объектілеріндегі кәсіби авариялық құтқару қызметтері ұғымы алынып тасталды. 2027 жылдан бастап барлық кәсіби авариялық құтқару қызметкерлері жаңа талаптарға сәйкес жұмыс істейтін болады.