Алматы облысында жиһаз цехы өртенді

Автор: Дәулет Ботагөз

Құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді

Фото: pixabay

Алматы облысындағы Іргелі ауылында ірі өрт болды. Жиһаз шығаратын цехты шарпыған тілсіз жаумен күресу үшін құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғаның мән-жайы

8 ақпан күні Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында орналасқан бір қабатты жиһаз цехында өрт шықты. Жалынның ауқымы мен қауіптілігіне байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жоғары дәрежелі шақырту (ранг) бойынша жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын толығымен ауыздықталды.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.