Жаңаөзенде жаяу келіншекке көлігімен батпақ шашып кеткен ер адам ірі көлемде айыппұл арқалады

Автор: Бақыт Шынар

Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды

Фото: жасанды интеллект жасаған © freepik.com

Жаңаөзен қалалық соты көшеде жаяу кетіп бара жатқан келіншекке көлігімен батпақ шашып кеткен ер адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға былтыр Жаңа жыл қарсаңында болған.

«2025 жылдың 28 желтоқсанында қаланың Бостандық шағын ауданында Mercedes көлігін басқарып келе жатқан ер адам жол бойында тұрған әйелге батпақ шашып кеткен. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, оған 86 500 теңге айыппұл салды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сотта көлік иесі өз кінәсін мойындап, әйелден кешірім сұрап, айыппұл арқалауға дайын екенін айтқан.