Күдіктілер қазір Ресейде болуы мүмкін
Германияда көз жұмған бұрынғы қазақстандық судья Айгүл Сайлыбайдың туыстары Ресейдің тергеу комитетіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұмның жақындарының арызы бойынша, Айгүл Сайлыбайдың өліміне қатысы болуы мүмкін оның күйеуі мен қайын енесі Германияда қылмыстық іс қозғалған соң Мәскеуге қашып кеткен болуы ықтимал.
«Осыған байланысты марқұмның ата-анасы Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Александр Иванович Бастрыкинге жүгінді. Мәскеу қаласындағы Ресей тергеу комитетінің органдары процессуалды тексеру ұйымдастырды. Ресей тергеу комитетінің төрағасы Бастрыкин Мәскеу қаласының Бас тергеу басқармасының басшысы Беляевке процессуалды тексерудің барысы туралы есеп беруді тапсырды. Тапсырманың орындалуы ведомствоның орталық аппаратында бақылауға алынған», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2024 жылы Германияда мәйіті табылған қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты іс бойынша оның күйеуі Александр Донцов пен енесі Наталья Донцоваға іздеу жариялаған еді.
Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаева соңғы бес жыл бойы күйеуімен және баласымен бірге Германияда өмір сүрген. Ол 3 маусым күні байланысқа шықпай қалған. Оның із-түзсіз кеткеніне алаңдаған туыстары Айгүлдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, Франкфурт-на-Майндегі Қазақстанның Бас консулдығына жүгінген.
Арада көп ұзамай, жергелікті БАҚ бұрынғы судьяның мәйіті табылғанын хабарлады. Оның денесі Бенсхайм қаласының шетінде орналасқан карьерден қаптың ішінен табылған. Марқұмның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары болған. Осыдан кейін Сайлыбаеваның 49 жастағы енесі Наталья Донцова да хабар-ошарсыз кеткен.