Шымкент автодромында көлікпен аударылып қалған қыздың апат сәтіндегі видеосы тарады
Жалпы, жыл басынан бері автодромдарда 6 жол апаты тіркеліпті
Жуырда Шымкенттің автодромдарында көлік жүргізіп үйреніп жүрген бойжеткен аударылып қалған еді. Абырой болғанда, бойжеткен зардап шекпеген. Бүгін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы апат сәтіндегі көлік ішінде болған жағдайдың видеосын көрсетті, деп жазады Azattyq Rýhy
«Бейнероликте – автодромдағы шынайы кадрлар көрсетілген. Шымкентте емтихан тапсырушы маневр жасау кезінде көлікті аударып алды. Ал екінгі видеода - Алматыда емтихан барысында жүргізуші куәлігіне үміткер көлігін басқа көлікке соққан», - деп жазады ХҚКО баспасөз қызметі.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, жыл басынан бері автодромдарда 6 жэол апаты тіркеліпті. Оның бесеуіне әйел адамдар кінәлі болса, біреуіне ер адам кінәлі болған. Ал, былтыр автодромдарпда 65 апат тіркелген.