20.01.2026, 10:43
Жаңалықтар
Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырған бойжеткен автодромда апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Ол абайсызда көлікті аударып алды
Фото: Видеодан скрин
Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жүрген бойжеткен автодромда жол-көлік оқиғасына ұшыралы. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға сәйкес, жол апаты Асар-2 шағынауданында, №4 арнайы ХҚО аумағында болған. Кадрларда емтихан автодромының ішінде аударылып жатқан автокөлік көрінеді.
Белгілі болғандай, емтихан кезінде көлік тізгінінде отырған қыз жарақат алмаған.
Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалында оқиғаға қатысты ресми ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді.
Көп оқылған
07.06.2026, 07:21
Найзағай, бұршақ, аптап ыстық: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы
07.06.2026, 06:27
Таиландта бір ай жансақтау бөлімінде жатқан қазақстандық көз жұмды
07.06.2026, 08:33
Алматыда адам өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды (ВИДЕО)
07.06.2026, 11:10
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
07.06.2026, 10:04
Астана мен Алматыны қоса алғанда 9 қалада ауа сапасы нашарлайды
07.06.2026, 11:34
Алматы тауларында байланыссыз қалған турист құтқарылды