Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
Ұлттық құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады.
Қызылорда қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Құрылтайдайдың қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау.
Қызылордадағы отырыста да ел дамуына қатысты өзекті мәселелер күн тәртібіне шығады. Құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар әлеуметтік, саяси және мәдени бағыттағы ұсыныстарын ортаға салады.
Еске салсақ, алғашқы Ұлттық құрылтай 2022 жылдың 16 маусымында Ұлытау өңірінде өткен еді. Бұл киелі өңірді таңдау елдің тарихи және рухани маңызына байланысты болды. Одан кейінгі құрылтай 2023 жылдың 17 маусымында Түркістанда өтті. Бұл тарихи қала еліміздің рухани мәртебесі жоғары аймақтарының бірі. Ұлттық құрылтайдың үшінші сессиясы 2024 жылдың 15 наурызында Атырауда өткен болатын. 2025 жылдың 13–14 наурызында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы Бурабайда өткен болатын.