Ол тағы бір адамның 6 млн теңгесін де қалтасына басқан
Шымкент полициясы бір қоңырауымен бір адамның 32 млн теңгесін алдап алған алаяқты тауып, қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Киберполицияның мәліметіне сүйенсек, Қызылорда тұрғыны Шымкентке келіп, банк карталарын дропперлік үшін жалға алған. Кейін оны алаяқтарға беріп, сол карталарға алданған азаматтардың ақшасын аудартып отырған.
«Шымкент қаласының полициясына алаяқтарға алданып, 32 млн теңгесінен айырылған адам келіп арыз жазған. Тергеу кезінде оның ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Екінші жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Жалпы шығын 40 миллион теңгеден асады», -деп хабарлайды Шымкент полициясы.