Қырық жастағы ер адам құтқарушыларға өзі қоңырау шалған
Алматы облысының құтқарушылары тауға шығып, аяғын сындырып алған ер адамды аман-есен құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылардың жігіттің өзі шақырған.
«40 жастағы турист тауға шығып, жараланғанын айтты. Жарақаттың салдары ауыр болған, оның аяғы сынған. Құтқарушылар қоңырау негізінде ер адамның дәл тұрған орнын тауып, оны таудан түсірді», - деп хабарлайды ТЖМ.
Оны таудан түсірген құтқарушылар туристі дәрігерге тапсырған.