Олар қыз алып қашу туралы арызды уақытында тіркемеген
Шымкентте адам қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін ол тірі кезінде арызын қабылдамаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін Сенаттың кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті.
«Мәжбүрлеп некеге тұрғызу ісі бойынша дер кезінде әрекет етпеген полиция қызметкерлеріне қатысты селқостығы үшін қылмыстық іс қозғады. Істі ішкі қауіпсіздік демартаменті тергеп жатыр», - деді Әділов.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі сынағаннан кейін Шымкент полиция департаментінің басшысы мен оның бірінші орынбасары жұмыстан кеткен.