Қазір науқас реанимацияда жатыр
Бұған дейін хабарлағынымыздай, 20 қаңтар күні Шымкенттің қақ ортасында төбелес болған еді. Ауыр жараланған жігітке дәрігерлер шұғыл түрде операция жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі редакциямызға науқастың жағдайы туралы ақпарат ұсынды.
«1990 жылы туған науқас Шымкенттің №1 қалалық клиникалық ауруханасына ауыр хәлде түсті. Оның кеудесіне пышақ кірген. Сондықтан, дәрігерлер шұғыл операция жасады», - деп хабарлайды басқарма.
Қазір жігіттің жағдайы ауыр. Ол реанимацияда жатыр.
Шымкенттің полициясы осы жігітті жаралап, тағы бір ер адамды өлтірді деген күдікпен 5 адамды іздеп жатыр.