Шымкенттегі төбелестің жалғасы: бір топ жігіт мәйітті аурухананың жанына тастап кеткен (ВИДЕО)
Марқұмның аты Василий Колесников
Бұған дейін хабарлағынымыздай, кеше, 20 қаңтар күні Шымкенттің қақ ортасында бірнеше көлік бір-біріне соғылып қалған еді. Оқиғаның арты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты, тағы екеуі жараланып, ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Михаил Козачков төбелестен кейінгі тағы бір видео жариялады. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, кешқұрым қара түсті көліктегі бірнеше жігіт бір адамның мәйітін Ордабасы ауданындағы ауруханананың жанына тастап кеткен. Дереккөзге сүйенсек, осы төбелеске қатысып, бір адамды өлтірді деген күдікпен бес адамға іздеу жарияланған.
«Іздеу жарияланған адамдардың аты-жөні: Арысбаев Мақсұт Асылханұлы, Қуандықов Жанділдә Дүйсенбіұлы, Қызбалаев Дархан Алматұлы, Дауласов Марат Қаллыбекұлы, Іңкәрбаев Разан Мұратбекұлы»,- деп жазады журналист.
Алдын ала мәлімет бойынша, төбелестен көз жұмған ер адамның аты – Василий Колесников. Жасы – 40-та. Ол бұрын адам өлімі үшін жазасын өтеп шыққан деген ақпарат бар.