«Күніне 30 «закладка» жасыратын»: Қарағандыда колледж студенті 15 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)
Ол сондай-ақ Таиландтан пошта арқылы Қазақстанға есірткі алдырып отыр
Қарағанды қаласындағы колледждердің бірінде оқып жүрген студент есірткі тасымалы және есірткі саудасы үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ақша тапқысы келген ол «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз куратормен «жасырма-курьер» және «қойма» функцияларын атқару жөнінде келісім жасаған.
«Оның міндеті - берілген координаттар бойынша есірткі алып кету, салып кету, бөліп орау, тасымалдау кірген. Күніне шамамен 30 «закладка» жасырып отырған», - деп хабарлайды ҚМА.
Айта кетейік, студенттің ісін Бас көлік прокуратурасы мен ҚМА жүргізген. Себебі, жас бала «закладкадан» бөлек, шетелден есірткі алдырған екен.
«Сотталған жігіт Таиландтан Қазақстанға есірткі заттарын халықаралық пошта арқылы алдырып отырған. Осы мақсатта ол «Telegram» мессенджері арқылы 400 мың теңге сыйақы беріп, кәмелетке толмаған бір баланы тартқан. Яғни, сәлемдемені соның атына рәсімдеген», - деп хабарлайды ҚМА.
Сот студентті 15 жылға соттады.