$ 506.7  593.14  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда жас маманға жұмыс та, жалақы да бермей қойған басшы соттан бір-ақ шықты

Жұмысшы дискриминация әрекеті бойынша шағым түсірген 

Оралда жас маманға жұмыс та, жалақы да бермей қойған басшы соттан бір-ақ шықты
Фото: iStockphoto

Оралда бағдарламамен келген жас маманның компьютерін тартып алып, жалақысын бермей қойған басшыға сот үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті басылымға сілтеме жасап.

2023 жылы маусым айында жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасымен «Уралводпроект» ЖШС-не барып, сол жерге инженер болып жұмысқа қабылданған. Еңбек шарты 2025 жылдың соңына дейін жасалған. Бірақ өткен жылдың ақпанында «жұмыс көлемінің қысқаруына» байланысты деген желеумен жұмыс компьютерін алып алған. Сол уақыттан бастап қызметкерге жалақы төленбей, ақпан айында 10 мың теңге ғана берілген.

Қызметкер төленбеген жалақыны өндіріп алуды талап етіп, Орал қаласының №2 сотына арыз түсіріп, жұмыс берушінің әрекетін дискриминация деп тануды сұрап, арыз түсірген. Алайда судья жұмыс берушінің ісінен заңсыздық көрмеген. Қызметкер шешімге шағым түсіріп, апелляцияға жүгінді. БҚО соты апелляциялық шағымды қанағаттандырып, қызметкердің пайдасына үкім шығарды.

«Жұмыс беруші қызметкерге жұмыс көлеміне қарай есептелетін жалақыны қарастырған жағдайда да ең төменгі жалақыдан аз төлемеуі тиіс. 2025 жылы ең төменгі жалақы 85 000 теңге болды. Сонымен бірге, еңбек инспекциясының тексеруі кезінде анықталғандай, еңбек шартына қызметкерге төленетін нақты жалақы мөлшері жазылмаған, бұл Қазақстан заңнамасын тікелей бұзу болып саналады», - деп ата өтті БҚО соты.

Сот ұйғарымымен компаниядан 212 500 теңге өндірілді. Бұл жұмыс берушінің кінәсінен бірнеше ай бойы жұмыс істей алмаған кезең үшін орташа жалақының 50%-ы, ең төменгі жалақы деңгейімен есептелген. Сонымен қатар, 50 000 теңге моральдық зиянға өтемақы ретінде тағайындалды.