09.01.2026, 17:27
Оқиғалар
Екібастұзда жер үй өртеніп, бір ер адам қаза тапты
Тағы үш әйел жараланған
Фото: istockphoto.com
Екібастұзда жер үй өртеніп, бір ер адам қаза тапты. Құтқарушылар үш әйел адамды қызыл жалынның ішінен алып шығып үлгерді, деп хабарлайды
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт кеше, 8 қаңтар күні, кешкі сағат 20:38-де болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің шатыры мен ішінде жиһазы өртеніп жатқан еді.
«Өрт сөнгеннен кейін өрт сөндірушілер 1984 жылы туған ер адамның денесін тапты. Бұған дейін құтқарушылар үш әйелді құтқарған», - деп хабарлайды ТЖД мамандары.
Қазір өрт сөндірушілер өрттің себебін анықтап жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады