$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінде төбелескен әйелдің соты өтті

Тәртіп бұзған келіншек Павлодардағы полиция қызметкерінің әйелі болып шыққан

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінде төбелескен әйелдің соты өтті
Фото: скриншот

Астананың әкімшілік соты 2025 жылдың жазында супермега жұлдыз Дженнифер Лопестің концертінде төбелес шығарған әйелдің ісін қарап, аяқтады: сот көпбалалы анаға 78 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Соттың мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың 1 тамызы күні кешкі сағат 21:00 шамасында азаматша «Астана Арена» стадионындағы концертте жан-жағына агрессия танытып, итеріп, шу шығарған. Оның кінәсі куәгерлердің сөзі арөылы және оқиға орнынан жасалған бейнекадрлар арқылы дәлелденген.

Бұндай қоғамдық тәртіп бұзған азаматтарға не айыппұл салынады, не түзеу жұмысына жегіледі немесе 15 тәулікке дейін қамалады. Оның бес кішкентай баласы бар екенін ескерген сот оны әкімшілік қамауға алмай, 78 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Серіктес жаңалықтары