06.01.2026, 17:00
Оқиғалар
Астанада футбол ойнауға келген жігіт 250 мың теңгесінен айырылып қалды
Ақшаны ұры қолды қылған
Фото: polisia.kz
Астанадағы әуесқой залға келіп, футбол ойнаған жігіт 250 мың теңгесін ұрлатып алған. Полицияның мәліметінше, залға ойыншылардың бірі ретінде ұры да кіріп кетіпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалтасынан 250 мың теңгесі жоғалған жігіт бірден полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары залдың киім ауыстыратын бөлмесіндегі камераларды қарай келе, ұрлықшыны анықтаған.
Анықталғандай, ұрлықшы футбол ойнауға келген адам ретінде киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, доп теуіп жатқандардың қалтасын тінте бастаған. Бір адамның қалтасынан 250 мың теңге тапқан ол залдан көрінбей шығып кеткен.
Полиция оны қолға түсіргенде ұры ақшаның жартысын жұмсап үлгерген екен. Полиция осы факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады