Дала алай-дүлей: Астана әуежайында рейстер кешігіп, қаладан шығатын жолдар жабылды

Автор: Бақыт Шынар

Әуежайдан ұшатын және қонатын ұшақтар уақытша кешігіп жатыр

Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астанадағы боранға байланысты қала әуежайында 12 рейс кешігіп, қаладан шығатын екі тас жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана халықаралық әуежайының мәліметіне сүйенсек, әуежайға қонуы керек 7 рейс кешігіп жатыр. Түркістаннан Астанаға қарай ұшуы тиіс бір рейс жабылған. Қаладан басқа жақтарға ұшып шығатын 5 рейстің де уақыты шегерілген.

Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметіне сүйенсек, Астана қаласынан Ақмола облысы мен Павлодар облыстарына шығатын тас жолдар кешкі сағат 18.00-ге дейін жабылған.