Dodo Pizza, «Сазан», Chicken Aldiyar, «Медина»: Астана әкімдігі кейбір мекемелерді жаппай тексерді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Астананың Сарайшық ауданында орналасқан бұл мекемелердің өрт қауіпсіздігі тексерілген

Фото: скриншот

Астана қаласындағы Сарайшық ауданының әкімдігі ТЖД мамандарымен бірге аудандарда тез тамақ пісіретін мекемелердің өрт қауіпсіздігін жаппай тексеріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт сөндірушілер мен әкімдік қызметкерлері Сарайшық ауданында Dodo Pizza, «Сазан», Chicken Aldiyar, «Медина» дәмханасы сияқты қоғамдық тамақтану орындарын аралаған.

Ресми дереккөзге сүйенсек, бұндай тексеру қаланың бір ауданында ғана емес, бүкіл аудандарында да өтеді деген жоспар бар.