Бұл былтырғы сомадан 897,7 млрд теңгеге көп ақша
2026 жылы қазақстандықтарға кепілді зейнетақысы мен жәрдемақыларын төлеу үшін үкімет бюджеттен 6 трлн 783 млрд теңге ақша алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Бұл ақшаның 4 трлн 890 млрд теңгесі – зейнетақыға, ал, 1 трлн 893 млрд теңгесі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады.
Қалған ақша мүгедектігі бар азаматтардың протезі мен оңалту шараларына бағытталуы тиіс.