$ 504.6  594.27  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Екі жеңіл көлік бір-біріне соқтығысқан

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: © istockphoto.com

27 желтоқсанда Павлодар облысында адам өлімімен аяқталған қайғылы жол-көлік оқиғасы боллы. Павлодар – Омбы автожолында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көліктердің соқтығысуына көктайғақ себеп болған

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Бобровка ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолдағы көктайғақтың салдарынан Toyota Vitz маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Ол қарсы келе жатқан Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екі көліктің де жүргізушісі қаза тапты. Сондай-ақ, бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы сараптама барысында анықталады.

Полиция жүргізушілерге үндеу жасады

Өңірдің тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға сақтық шараларын тағы да еске салады. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін:

1. Жылдамдық режимін қатаң сақтау;

2. Ауа райының өзгеруін, әсіресе көктайғақ пен тұманды ескеру;

3. Көліктің техникалық күйін үнемі бақылауда ұстау қажет.

Әсіресе, қозғалыс қарқынды тасжолдарда өте абай болу маңызды. Бір сәттік қателік адам өмірін қиюы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары