Павлодарда төрт адам вейп сатып, табысқа бірнеше қымбат көлік алған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олардан 53 мың вейп тәркіленген

Фото: скриншот

Қаржы мониторинг агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті вейп сататын 4 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар вейптерді Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы оқушылар мен жастарға сатып отырған. Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.

«Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алған 3 автокөлік («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») арестке қойылды», - деп хабарлайды ҚМА.