23.12.2025, 16:41
Оқиғалар
Қарағанды облысының иен даласынан 73 жастағы қарияның мәйіті табылды
Ол бірнеше күн бұрын мал іздеуге кеткен
Фото: скриншот
Қарағанды облысында 18 желтоқсаннан бері із-түссіз жоғалған 73 жастағы қарияның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала болжам бойынша, ол өз көлігіне мініп, мал іздеуге кеткен. жақындары оның жоғалғаны туралы ақпаратты 21 желтоқсан күні ғана айтып, төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұраған.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен әскерилер ер адамды бірнеше күн бойы іздеген еді.
Бүгін, 23 желтоқсан күні Шет ауданындағы Ағадыр кентінің маңынан, жеңіл көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды