Қазақстанда 110 жастағы екі әженің үйіне чемодан ұстаған адамдардың не үшін барғаны белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Көші-қон комитетінің мамандары олардың үйіне барып, құжат жасап берген

Фото: istockphoto.com

Көші-қон комитеті үйге барып құжат дайындау қызметін көбіне егде жастағы адамдарға ұсынады. Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Аслан Аталықов осындай екі мысалды айтып берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Біз адамдардың үйіне барып, құжаттарын рәсімдеп бере аламыз. Чемодан ұстаған қызметкерлеріміз сол чемоданына компьютер мен фотоаппаратын салып алып, кеңсеге келе алмайтын азаматтарға қызмет көрсетеді. Көбіне бұл егде жастағы азаматтар. Мысалы, биыл құжат алған ең үлкен жастағы азамат 1915 жылы туған, ол Қостанай облысында тұратын әже. Сондай-ақ, ол кісінің замандасы, ақтөбелік әжеге де үйіне барып құжат істеп бердік. Екеуінің де жасы 110-да», - дейді Аталықов.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанда енді жеке куәлігін бірінші рет алатын азаматтар оны тегін рәсімдей алады.