17.12.2025, 11:27
Оқиғалар
Баласына ақша аударып, досына қарыз берген адамдардың шоты тексеріле ме
Вице-министр үш талапты атады
Фото: Freepik
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобилді аударымдар қандай жағдайда тексерілетінін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтардың жасаған аударымдарында мынадай үш шарт бірдей орындалса ғана бақылауға алынады.
- аударылған сома бір миллион теңгеден асса;
- бір айда 110 адамнан көп адамға аударым жасалса;
- үш ай қатарынан әртүрлі адамдарға аударым жасалып, жалпы сома миллион теңгеден асып кетсе, тескеріс болады.
«Балаларға ақша аудару, достарыңызға көмек, қарыз беру, бұлар заңды. Оған ешқандай сұрақ болмайды», – деді Ержан Біржанов.
Оның сөзінше, мысалы, қаңтар айында 100 адамнан көп, ақпанда тағы 100 адамнан көп, наурызда да солай болса, және жалпы сома миллион теңгеден асса, заңды тұлғаға салық қателігін түзету үшін хабарлама жіберіледі. Ал аударымдар әр айда әртүрлі болса, хабарлама жолданбайды.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
20.09.2026, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды
20.09.2026, 01:33
Иран АҚШ-қа соғысты тоқтату туралы келісім ұсынды